Skip to content

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

Соц.сети
Ғылыми бағыттар
Оқу процесін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедрада құқықтық пәндерді оқыту кредиттік оқыту жүйесі бойынша – ҚР МЖМБС негізінде жүзеге асырылады.

Кафедра пәндері бойынша әзірленген пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына және мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді; кафедра ұжымы ПОӘК әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қажетті түзетулер енгізеді.

Оқу жұмысы кафедра қызметінің басым түрі болып табылады және студенттердің практикалық іс-әрекетке қажетті теориялық білім, білік және дағды алуына бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы "Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-процесс заңнамасының өзекті мәселелері" тақырыбында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.

Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметі әр түрлі формада жүргізіледі: ғылыми мақалаларды және ғылыми сипаттағы басқа да жұмыстарды жариялау; аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларға қатысу; Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін зерттеу және талдау; ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен кездесулерді ұйымдастыру; Қазақстан мен Ресейдің ірі ғылыми орталықтарына бару; әртүрлі мәліметтер базасы бойынша ғылыми-зерттеу материалдарына шолу жасау; ғылыми және ғылыми-әдістемелік семинарлардың жұмысына қатысу; қылмыстық және қылмыстық процесс заңнамасының теориялық және практикалық мәселелері бойынша зерттеу материалдарын іздеу.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы оқу процесінің жалғасы және тереңдеуі болып табылады және кафедрада екі нысанда ұйымдастырылады: оқу процесіне кіретін БҒЗЖ және оқудан тыс уақытта орындалатын БҒЗЖ. Оқу процесіне енгізілген БҒЗЖ ғылыми зерттеулер элементтері бар курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды көздейді. Сабақтан тыс уақытта орындалатын БҒЗЖ студенттік ғылыми қоғамның жұмысы арқылы ұйымдастырылады.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

Тәрбие жұмысы кафедраның педагогикалық ұжымының жалпы қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады және мамандарды дайындау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол студент тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның әлеуметтік бейімделуіне және кәсібилігіне бағытталған.

Тәрбие жұмысының негізгі мазмұны: білім алушылардың шығармашылық, зияткерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашу, эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, бастамаларды іске асыруға көмек көрсету болып табылады.  Кафедра ұжымы білім алушылармен аудиториялық және аудиториядан тыс қарым-қатынас барысында оларға белсенді азаматтық ұстанымды, құқық пен жеке құқыққа құрметпен қарауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, еңбексүйгіштікті тәрбиелеуге ұмтылады.