Skip to content

Экономика және қаржы кафедрасы

Соц.сети
Тәрбие жұмысы

«Экономика және қаржы» кафедрасы білім алушылардың бойында патриотизмді, рухани-адамгершілік құндылықтарды, кәсіби жауапкершілікті, салауатты өмір салты мәдениетін дамытуға бағытталған белсенді және жан-жақты тәрбие жұмысын жүргізеді. Әрбір білім алушы өзінің әлеуетін ашып, бастамасын көрсете алатын және белсенді студенттік қоғамдастықтың бір бөлігі бола алатын қолайлы білім беру және әлеуметтік-мәдени ортаны құруға ерекше назар аударылады.

Бірінші курс білімалушыларымен жүргізілетін жұмыс

  • Бейімделу аптасын ұйымдастыру;
  • Университет туралы және білім алушылардың құқығы жайлы ақпарат беру;
  • Кітапхана нұсқаулығы;
  • Әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешу бойынша қолдау көрсету.

Білім алушылардың бос уақыты және шығармашылығы

Университеттегі үйірмелер мен клубтар:

  • «JARYQ» еріктілер клубы;
  • «Ахмет Ұрпақтары» пікірталас клубы;
  • «Парасат» пікірталас клубы;
  • Жайдарман;
  • «Спарта» зияткерлік клубы;
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Көңілді және тапқырлар клубы;
  • Қазақстан халқының кіші студенттік Ассамблеясы;
  • «Жастар Рухы» жастар қанаты;
  • «NOMAD» би клубы;
  • «Өнер» студиясы - вокал, хореография, поэзия, Қазақ халық аспаптары ансамблі және театр.

Рухани-адамгершілік және мәдени даму

Студенттер театрға, концертке, мұражайға барып қайтады және өлкенің мәдени мұрасымен танысады.

Патриоттық тәрбие

Мемлекеттік мерекелерді атап өтуге арналған іс-шаралар: Республика күні, Тәуелсіздік күні және т.б.

Жатақхана өмірі

  • Ыңғайлы өмір сүру жағдайлары;
  • Бірінші курс студенттерінің бейімделуіне қолдау көрсету;
  • Көпмәдениетті орта құру және бос уақытты ұйымдастыру.

Салауатты өмір салтын насихаттау

Зиянды әдеттердің алдын алу бойынша лекциялар, кездесулер өткізілуде. Кафедра Практикалық психология орталығымен ынтымақтасады.

Спорт және денсаулық

Дене тәрбиесі жалпы білім беру жүйесіне кіріктіріліп, білім алушылардың үйлесімді дамуына және өмірлік қиындықтарға төзімді, дені сау түлектерді дайындауға бағытталған.