Skip to content

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Шунаева Сылу Мырзыхановна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісi Лауазымы
Тарих ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
shunaeva.sm@ksu.edu.kz Электрондық пошта

Кафедраның негізгі міндеті болып іске және қызметтік борышқа жауапты, әлеуметтік және мемлекеттік-құқықтық шындықты түсінуде жүйелі тәсілдің қазіргі заманғы әдістерін меңгерген, ғылыми ақпаратты меңгеру және оны практикалық қолдану дағдысы бар, іске шығармашылықпен қарауға және маңызды міндеттерді шешуге қабілетті жоғары кәсіби мамандарды дайындау табылады.

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы дербес құрылымдық бөлімше ретінде 1994 жылы құқық негіздері кафедрасы негізінде құрылды.

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасын әр жылдары басқарды:
  • 1994-1996 жж. – Лебедев В.А., заң ғылымдарының докторы, профессор, РФ  ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, РФ еңбек сіңірген заңгері, О.Е.Кутафин атындағы ММЗА конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының профессоры.;
  • 1996-1997 жж. – Қолдыбаев С.А., философия ғылымдарының докторы;
  • 1997-1998 жж. – Жамбулов С.О., аға оқытушы;
  • 1998-2002 жж. – Дутбаев К.Х., тарих ғылымдарының кандидаты, профессор;
  • 2002-2004 жж. – Шунушева С.Ж., аға оқытушы;
  • 2004-2006 жж. – Легкий Д.М., тарих ғылымдарының докторы, профессор;
  • 2006-2008 жж. – Укин С.К., заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2008-2009 жж. – Великая Т.В., заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2009-2011 жж. – Колпашникова В.М., заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2012-2016 жж. - Шунаева С.М., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2016-2019 жж. - Укин С.К., заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • 2019 ж. -  Шунаева С.М., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасы негізгі және қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандары бойынша оқытуды жүзеге асырады.

Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының пәндер тізіміне студенттерді заң мамандығына кіріспе аясында мемлекеттік-құқықтық құбылыстармен, Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуымен, мемлекеттік басқару, халықаралық құқық мәселелерімен таныстыратын пәндер кіреді.

Кафедраның педагогикалық құрамы оқу-әдістемелік жұмыстарды орындайды, оған кафедра пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту, әртүрлі оқу материалдарын, оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстарды дайындау кіреді. Кафедра қызметкерлері заманауи мультимедиялық жабдықтарды қолдана отырып, дәрістер дайындайды, оқу сабақтарын өткізудің түрлі инновациялық түрлерін қолданады.

Тәрбие жұмысы оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен қатар студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру және оқыту үдерісіндегі маңызды аспект болып табылады. Тәрбие жұмысы білім алушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, адамгершілік құндылықтарды және Отанға деген сүйіспеншілікті дамытуға ықпал етеді. Осыған байланысты кафедраның профессор-оқытушылық құрамы тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізеді.