Құрметті достар, біз сіздерді А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!
Білім беру бағдарламалары - 6В04201 Құқықтану
Құқықтық нормаларды әзірлеу және іске асыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу саласында еңбек қызметін жүзеге асыруға қабілетті бакалаврларды даярлайды.
Заңгер қайда жұмыс істей алады?
Прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі органдарының қызметкері және маманы, сот жүйесінің маманы, заң кеңесшісі, адвокат, нотариус, медиатор, қазақстандық және халықаралық құқық саласындағы заңгер, кадр қызметінің маманы, мемлекеттік қызметші, сот әкімшілігі жөніндегі маман, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкері, әділет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың маманы және ҚР өкілді органдары.
Қабылдау үшін:
- ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Дүниежүзілік тарихы және Құқық негіздері
Білім беру бағдарламалары - 6В04203 Сот және құқық қорғау қызметі
Сот және құқық қорғау қызметі – бұл әрдайым және кез-келген елде сұранысқа ие болатын бағыт. Өйткені, тәртіп пен заңдардың сақталуын бақылау кез-келген өркениетті қоғамға қажет.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:
- соттар,
- прокуратура,
- полиция органдары,
- атқарушы органдар.
Қабылдау үшін:
- ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Дүниежүзілік тарихы және Құқық негіздері
- Өту баллы: 75
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54 28 49