Экономика және қаржы кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы университеттің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Соңғы үш жыл ішінде «6В04104-Қаржы» және «6В04101-Экономика», «6В11102 Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының оқу пәндері бойынша жұмыс бағдарламалары қайта қаралып, жетілдірілді. Студенттердің өзіндік жұмыстарының көлемі мен түрлері нақтыланды, білімді бақылаудың жаңа нысандары енгізілді, бағдарламалардың құрылымдық компоненттері өзгертілді және т.б. барлық жұмыс бағдарламалары университеттегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес рәсімделді.
Оқу жұмыс бағдарламалары, әдістемелік әзірлемелер және студенттердің оқу қызметінің әртүрлі түрлеріне байланысты өзге де құжаттар олардың мазмұнының сапасын арттыру мақсатында кафедраның, институттың әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланады, университеттің ОӘБ мұқият сараптамасынан өтеді және ағымдағы оқу жылының басында университеттің ғылыми кеңесінде бекітіледі.
Оқу-әдістемелік қызмет корпоративтік оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады: "Педагогикалық шеберлік мектебінің бағдарламасы", "Оқу бейне дәрістерін құрастыру және әзірлеу бағдарламасы", "Оқу процесін ұйымдастыру бойынша оқыту семинарлары".
Кафедра оқытушылары шығарған барлық оқу-әдістемелік әдебиеттер университет сайтының "Онлайн кітапхана"бөлімінде орналастырылған.
Педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес кафедра оқытушыларының сабаққа өзара қатысуы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ашық сабақтар өткізіледі.
Оқу жүктемесі мен жоспарланған әдістемелік жұмыстың бөлінуі оқытушылардың біліктілігіне сәйкес келеді.
