Skip to content

Экономика және қаржы кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті талапкерлер! Біз Сіздерді А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Экономика және қаржы кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!

Біздің экономика және қаржы кафедрасы 2019 жылдың тамыз айында қаржы және банк ісі және экономика кафедраларының бірігуі негізінде ұйымдастырылды.

Кафедрада үш білім деңгейі бар: бакалавриат, магистратура және докторантура. Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Біздің кафедраның артықшылықтары:

  • Қонақжайлылық саласында бакалаврларды даярлау процесі "Экономика және қаржы" бітіруші кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәріс, практикалық және семинар сабақтарын өткізудің нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырады.
  • Экономика саласында бакалаврларды даярлау процесі "Экономика және қаржы" шығарушы кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәріс, практикалық және семинар сабақтарын өткізудің нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырады.
  • Студенттердің ғылыми жұмысқа: республикалық және халықаралық ұйымдарда, сондай-ақ ЖОО-да өткізілетін бейіндік олимпиадаларға, семинарларға, конференцияларға, конкурстарға қатысуға мүмкіндігі бар.
  • Оқу барысында біздің студенттер қала мен облыстың мейрамхана-қонақ үй кешендерінде оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтеді.

Білім беру бағдарламасы 6B04101 Экономика

Экономика - бұл қоғамның шаруашылық қызметі, сонымен қатар өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасатын қатынастар жиынтығы.

Экономист мамандығының адамдары не істейді?

Экономист бұл адам қызметінің барлық салаларында бар экономика саласындағы маман және сарапшы лауазымы.

Қабылдау үшін:

  • ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Математика және География
  • Өту балы: 50

«6В04101 Экономика» білім беру бағдарламасының түлектері жұмыс істей алады:

  • Өндірістік кәсіпорындарда;
  • Салық және сақтандыру ұйымдарында;
  • Банктер мен несиелік ұйымдарда;
  • Жеке компанияларда;
  • Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде.

Бітіргеннен кейін "6В04101 Экономика" студенттері бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО магистратурасында оқуын жалғастыра алады және "7М04101 Экономика" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі немесе "7М04112 Экономика" білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін ала алады.

Біздің түлектер келесі лауазымдарды атқара алады:

  • экономист;
  • талдаушы экономист;
  • АӨК экономисі;
  • экономист-бухгалтер;
  • қаржы талдаушысы;
  • банк қызметкері;
  • мемлекеттік қызметші.

Білім беру бағдарламасы - 6B04104 Қаржы

Қаржы-мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі барлық ақша ресурстарының жиынтығы, сондай-ақ оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі.

Қаржыгер мамандығының адамдары не істейді?

Қаржыгер әр түрлі көлемдегі және күрделілік дәрежесіндегі ақша операцияларымен айналысады, капиталды басқарады, жобаларды қаржыландыруды реттейді.

Қабылдау үшін:

  • ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Математика және География
  • Өту балы: 50

«6В04104 Қаржы» білім беру бағдарламасының түлектері жұмыс істей алады:

  • Республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік органдарда: Ұлттық банкте, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың экономикалық қызметтерінде, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде, Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі агенттігінде және т.б.;
  • Өндірістік кәсіпорындарда;
  • Салық және сақтандыру ұйымдарында;
  • Банктер мен несиелік ұйымдарда;
  • Жеке компанияларда;
  • Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде.

Бітіргеннен кейін "6В04104 Қаржы" студенттері бейінді және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша ЖОО магистратурасында оқуын жалғастыра алады және "7М04111 Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі немесе "7М04104 Қаржы"білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін ала алады.

Біздің түлектер келесі лауазымдарды атқара алады:

  • Қаржы қызметінің маманы;
  • Қаржыгер-экономист;
  • Қаржы талдаушысы;
  • Экономикалық пәндер оқытушысы;
  • Ғылыми қызметкер;
  • Жеке кәсіпкер;
  • Қаржы директоры;
  • Қаржы менеджері;
  • Банк басқарушысы;
  • Фирманың аудиторы;
  • Бухгалтер-қаржыгер.

Білім беру бағдарламасы 6B11102 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі- қазіргі экономикалық қызметтіңең перспективалы бағыттарының бірі.

Бұл білім беру бағдарламасы экономика және маркетинг, басқару теориясы, ақпараттық технологиялар, шет тілдері, дизайн және жарнама саласындағы терең білімді қамтиды.

Қабылдау үшін:

  • ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Шет тілі, География
  • Өту балы: 50

6В11102 "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламасының түлектері осы саланың әртүрлі салаларында жұмыс істей алады, соның ішінде:

  • бизнес стратегиясын әзірлеу, бюджетті жоспарлау, қаржылық қызметті бақылау, персоналды басқару; мәзірді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, шараптарды, кофені және басқа сусындарды таңдау, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды басқару;
  • клиенттермен жұмыс, соның ішінде жаңа клиенттерді тарту, ескілерін сақтау, жанжалдарды шешу;
  • өнімдер мен қызметтердің сапасын бақылау, стандарттар мен нормаларға сәйкестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сапаны үнемі жақсарту процесін басқару.

Біздің түлектер келесі лауазымдарды атқара алады:

  • қонақжайлылық және мейрамхана индустриясының менеджері;
  • әкімші, басшының көмекшісі;
  • мейрамхана, қонақ үй менеджері;
  • қонақ үйлерде қабылдау және орналастыру қызметінің басшысы;
  • қонақ үй иесі, зал менеджері, әкімші.

Құрметті талапкерлер, сапалы білім алғысы келетін және тұрақты мансаптық өсуді қалайтын жандар, біз Сіздерді күтеміз және экономика және қаржы кафедрасында қойылған мақсаттарға жету үшін барлық жағдайлар жасалғанына сендіреміз.

Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, біз сізді күтеміз:
г. Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі 47, 1А корпус, 216 кабинет

Телефон: +7 (7142) 51-11- 46

E-mail: dina_ken1971@mail.ru