Skip to content

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Институт туралы

Петр Иосифович Чужинов – Қостанай  ауыл шаруашылығы институтының бірінші ректоры, Ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Бүгінгі таңда СХИ-да орналасқан алғашқы ғылыми зертханалар мен инженерлік базалар оның басшылығы кезінде іргетасы қаланды. Чужинов кезінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің көлемі ұлғайды. Жұмысқа техника ғылымдарының кандидаттары шақырылды, Кеңес Одағы институттары арасында ең жақсы материалдық-техникалық базалардың бірі құрылды, алғашқы экономикалық мамандықтар ашылды. Ал 1980 жылы «Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша 52 студент алғашқы түлектер ретінде шығарылды. Петр Иосифович Ұлы Отан соғысының қатысушысы болғанында, айта кету керек, Ол артиллериялық әскерлер құрамында взводты басқарды, Ленинград және 1-ші Белорус майдандарында соғысқа қатысты. 2 дәрежелі Отан соғысы ордені және "Ерлігі үшін", "Ленинградты қорғағаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін П.И. Чужинов Қазақстанға жіберілді. Дәл осы сәттен бастап оның кадрларды даярлау және ауылшаруашылық ғылымын дамыту туралы тарихы басталады.