Skip to content

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Шурентаев Амангельды Мирамович Аты-Жөні
И.О. заведующий кафедрой Лауазымы
Магистр социальных наук Ғылыми дәрежесі
aman.shurentayev@gmail.com Электрондық пошта

Қостанай мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша оқыту 1996 жылдан бастап жүргізіледі

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «журналистика» және «коммуникация факультеті» кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасын әр жылдары басқарғандар:
  • 1996 – 2003 ж. – Асанбаева Г.Д., филология ғылымдарының кандидаты, медиасауаттылық бойынша аймақтық кеңесші, MediaCAMP, Internews (Алматы қ.);
  • 2001 – 2003 ж. – Жакупова Т.С., филология ғылымдарының кандидаты (коммуникациялық менеджмент кафедрасы);
  • 2003 – 2004 ж. – Шаяхмет А.К., филология ғылымдарының кандидаты,  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры;
  • 2004 – 2006 ж. – Химич С.М., аға оқытушы;
  • 2006 – 2010 ж. – Харченко С.В., саясаттану ғылымының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры;
  • 2010 – 2020 ж. – Жусупова А.М., филология ғылымының кандидаты, доцент.

Кафедраның негізгі міндеті студенттерді даярлаудың жоғары теориялық деңгейін қамтамасыз етумен қатар, студенттердің практикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру және болашақ журналистерді жұмыс істейтін ортамен, сондай-ақ ғылыми ақпаратты игеру дағдылары бар, оны практикада қолдана алатын, іске шығармашылық көзқараспен қарауға және маңызды міндеттерді шешуге қабілетті мамандармен таныстырудан тұрады.

Оқу курсы

Кафедрада студенттерді даярлау келесі білім бағдарламалары негізінде жүргізіледі: 6В03201 – Журналистика, 8D03204- Журналистика.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы күндізгі, негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асырады. Кафедраның ерекшелігі - журналистерді кәсіби оқыту, ол «Журналистика» мамандығы бойынша мемлекеттік стандартта айқындалған жалпы теориялық пәндерді, сондай-ақ кәсіби журналистік қызметтің заманауи, оның ішінде цифрлық, технологияларын игеруге бағытталған бейінді пәндерді қамтиды.

Кафедраның педагогикалық құрамы оқу-әдістемелік жұмысты орындайды, оған кафедра пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту, түрлі оқу материалдарын, оқу құралдарын, әдістемелік ұсыныстарды дайындау кіреді. Кафедра қызметкерлері заманауи мультимедиялық жабдықтарды пайдалана отырып дәрістер дайындайды, оқу сабақтарын өткізудің түрлі инновациялық нысандарын пайдаланады.

Тәрбие жұмысы оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен қатар оқу процесінде және студенттің жеке басын қалыптастыруда маңызды аспект болып табылады. Білімді арттырумен қатар Тәрбие жұмысы білім алушының бойында патриоттық, азаматтық жауапкершілік, адами құндылық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға ықпал етеді. Осыған байланысты кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы тәрбие жұмысын белсенді жүргізуде.