Skip to content

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы

Соц.сети
Ғылыми бағыттар

Ғылыми-зерттеу жұмысы – кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі ҰМҒТСО-да тіркелген «Жаңа ақпараттық технологияларды дамыту контекстіндегі заманауи қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелері (аймақтық аспект)» тақырыбы бойынша жүзеге асырылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әр түрлі деңгейдегі, соның ішінде халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады. 2018-2019 оқу жылынан бастап «Байтұрсынов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында кафедра «Журналистика және PR: уақыттың жаңа мәселелері» панельдік сессиясын ұйымдастырады және өткізеді.

2017 жылдан 2020 жылға дейін WebofScience (TomsonReuters), Scopus журналдарында 5 ғылыми жарияланым; ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 19 ғылыми мақала жарық көрді. ПОҚ монографиялар мен оқу құралдарын жариялайды.

Кафедрада студенттердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөлінеді, «Теледидар шығармашылық ретінде» ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің қатысушылары бірлескен зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелері халықаралық және республикалық студенттік конференцияларда жарияланады, сондай-ақ конкурстарға қатысады. Ғылыми жетекшілердің жетекшілігімен студенттер оқушыларға мастер-класстар мен тренингтер өткізеді.

Жыл сайын студенттер шығармашылық жарыстар мен олимпиадаларға қатысады. 2018-2019 оқу жылында кафедраның құрама командасы журналистика бойынша Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды, ал 2019-2020 жылдары кафедра аталған іс-шараның тең ұйымдастырушысы болды.