Байжанов Ербол Атымтаевич
Аға оқытушы Лауазымы
Заң ғылымдарының магистрі Академиялық дәрежесі
Білім
- 2008-2012 жж. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, «5В030100 – Құқықтану» мамандығы, біліктілігі – құқық бакалавры.
- 2017-2019 жж. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, «Құқықтану» мамандығы, біліктілігі – заң ғылымдарының магистрі.
Оқытылатын пәндер
- Мемлекеттік қызмет және басқару
- Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Жұмыс тәжірибесі
- 2020-2026 жж. Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің Құқық кафедрасының аға оқытушысы.
- 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы.
- 2026 жылғы 7 қазаннан бастап – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Экономика және құқық факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктер/сертификаттар
- 2023 ж. «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің құқықтық аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы, 72 сағат. «Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі, Челябі қ.
- 2023 ж. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» курсы бойынша біліктілікті арттыру және қосымша білім беру сертификаты, 72 сағат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
- 2023 ж. «Құқық» курсы бойынша біліктілікті арттыру және қосымша білім беру сертификаты, 72 сағат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
- 2024 ж. «Білім беру процесіндегі жасанды интеллект және нейрондық желілер» тақырыбындағы сертификат. Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қостанай қ.
- 2025 ж. «Білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбындағы сертификат. «WAY OF SCIENCE» ЖШС, Алматы қ.
- 2025 ж. «Инклюзивті білім беру» тақырыбындағы сертификат. «WAY OF SCIENCE» ЖШС, Алматы қ.
Жарияланымдар
- «Қылмыстық жауаптылық: ұғымы және ғылыми ойлардың даму болашағы» мақаласы. Заң ғылымдарының докторы, профессор, конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Қ. Қ. Айтхожиннің 70 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайдағы мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы қ., 2023 ж.
- «Мұсылман отбасы құқығының ерекшеліктері» мақаласы. Ғылым қызметкерлері күніне және Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Студент жастар – зияткерлік болашақтың алдыңғы қатарлы күші» атты студенттер мен магистранттардың жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қостанай қ., 2025 жылғы 10–11 сәуір.
- «Ы. Алтынсарин мұрасындағы әділдік, жауапкершілік және әлеуметтік ынтымақтастық идеялары қазіргі құқық тұрғысынан» мақаласы. Ғылым қызметкерлері күніне және Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Студент жастар – зияткерлік болашақтың алдыңғы қатарлы күші» атты студенттер мен магистранттардың жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференция материалдары. 2026 жылғы 9–10 сәуір.
- «Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңғырту процесінде Ыбырай Алтынсариннің гуманистік көзқарастарын өзектендіру» мақаласы. Ғылым қызметкерлері күніне және Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Студент жастар – зияткерлік болашақтың алдыңғы қатарлы күші» атты студенттер мен магистранттардың жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференция материалдары. 2026 жылғы 9–10 сәуір.
