Ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі "Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытудың теориялық және практикалық аспектілері" жалпы ғылыми бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференциялар мен түрлі деңгейдегі семинарларға, соның ішінде халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары баспаға дайындалып, Web of Science (Tomson Reuters), Scopus тізіміне енгізілген журналдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар, мамандандыруға сәйкес келетін әр түрлі бағыттар бойынша тезистер, монографиялар жариялайды.
Кафедрада студенттердің ғылыми жұмысына ерекше көңіл бөлінеді, "Қазіргі Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғырту" ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді. Олар кафедра пәндері бойынша курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын орындайды, студенттік ғылыми үйірменің қызметіне белсенді қатысады, студенттік ғылыми конференциялар мен олимпиадаларда баяндамалар жасайды.