Құрметті достар, біз сіздерді А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!
Білім беру бағдарламалары - 6В04201 Құқықтану
Құқықтық нормаларды әзірлеу және іске асыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу саласында еңбек қызметін жүзеге асыруға қабілетті бакалаврларды даярлайды.
Заңгер қайда жұмыс істей алады?
Прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі органдарының қызметкері және маманы, сот жүйесінің маманы, заң кеңесшісі, адвокат, нотариус, медиатор, қазақстандық және халықаралық құқық саласындағы заңгер, кадр қызметінің маманы, мемлекеттік қызметші, сот әкімшілігі жөніндегі маман, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкері, әділет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың маманы және ҚР өкілді органдары.
Қабылдау үшін:
- ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Дүниежүзілік тарихы және Құқық негіздері
- Өту баллы: 75
Білім беру бағдарламалары - 6В04202 Халықаралық құқық
Халықаралық құқық бойынша заңгер өзінің жоғары біліктілігі мен кең біліміне байланысты заңгерлер элитасына жатады.
Халықаралық заңгер қайда жұмыс істей алады?
Мемлекетаралық қатынастарды дамыту кезеңінде, әсіресе, мына қызметті жүргізу үшін өте қажет:
- әр түрлі елдердің компаниялары арасында сауда келісімшарттарын жасау кезіндегі құқықтық сараптама;
- шетелдік нарықтарға шығатын қазақстандық фирмаларға заң көмегі;
- Қазақстан Республикасының нарығын игеретін шетелдік компанияларға;
- әртүрлі мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдармен қарым-қатынастардағы даулы мәселелерді шешуде;
- салық, кеден және басқа да мемлекеттік құрылымдармен келіссөздер жүргізуге көмек.
Сондай-ақ, Халықаралық заңгерлер, әртүрлі бағыттарда да жұмыс істей алады:
- сыртқы істер Министрлігінде (бөлімдер мен басқармаларда)
- консалтингтік компанияларда;
- сот процесіне қатысу (клиенттің мүдделерін қорғау, шағымдар мен апелляцияларды ресімдеу), адамдарға өздерінің заңды мүдделерін қорғауға көмектесу (виза алу, азаматтығын ресімдеу, шетелде жұмысқа орналасу, шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу).
Қабылдау үшін:
- ҰБТ-ның бейіндік пәндері: Дүниежүзілік тарихы және Құқық негіздері
- Өту баллы: 75
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54 28 49