Skip to content

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Алдабергенова Айгуль Ибрахимовна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісi Лауазымы

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы Қостанай аймақтық университетінің құрамында 1994-1995 ж. бастап  жұмыс істейді.Кафедра заң факультетінің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі болып табылады және оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік, студенттер арасында тәрбиелік, ғылыми - педогогикалық және біліктілікті жоғарлату қызметтерін атқарады.

Бекітілген оқу пәндерінің циклі бойынша азаматтық құқық және процесс кафедрасы арнайы болып табылады.

Азаматтық-құқықтық пәндерді оқыту және кафедрада процессі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедраның оқу – тәрбиелік және ғылыми – зерттеушілік жұмысының негізгі мақсаты болып, мамандықтары бойынша терең теориялық және тәжірибелік білімдерді қолдана білетін, нарықтық экономика жағдайында бәсекелестікке төтеп бере алатын жоғарғы білікті мамандарды дайындау табылады.

Кафедраға өзекті тақырыптарға тақырыптық әңгімелер мен дәрістер өткізу үшін практикалық қызметкерлер жүйелі түрде шақырылады. Бұл теория мен құқықтық практиканың классикалық үйлесуіне ықпал етеді.

2019-2020 оқу жылы ішінде "Құқықтану" Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін сот жүйесі қызметкерлерімен (Морозова А.Л., Канкулова Б. Е.) дәріс-кездесулер өткізілді. Қостанай қалалық №1 сотының ашық сот отырыстарына қатысу ұйымдастырылды.

Кафедра 6В04201 Құқықтану және 7М04201- Құқықтану білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды және шығарады, сонымен қатар басқа білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедрада азаматтық-құқықтық пәндерді оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кафедраның оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайында бәсекелестікке қарсы тұра алатын, терең теориялық білімі мен практикалық жұмыс дағдылары бар білікті заңгерлерді даярлау болып табылады.

Кафедрада жоғары дәрежелі оқытушылар жұмыс жасайды, солардың ішінде құқықтану ғылымының 3кандидаты, құқықтану мамандығы бойынша 7 магистр, аға оқытушылар және оқытушылар кіреді.