Skip to content

Азаматтық құқық және процесс кафедрасы

Соц.сети
Ғылыми бағыттар

Азаматтық құқық және процесс кафедрасының ең негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Азаматтық құқық және процесс кафедрасының ғылыми-зерттеушілік жұмысы «Қазіргі заманда Қазақстан Республикасында азаматтық заңнаманы жүзеге асыруда өзекті мәселелері» атты зерттеушілік тақырып аясында жүзеге асырылады.

Кафедралық ізденістер нәтижесін енгізу әр түрлі нысандарада жүргізіледі: әр түрлі деңгейлердегі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, мақалалармен басқада ғылыми бағыттағы жұмыстарды баспаларда шығару, кафедра пәндерінде ғылими нәтижелерді қолдану және тағы басқалары. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әр түрлі деңгейдегі ғылыми – тәжірибелік және әдістемелік, сонымен қатар халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысады.

 Азаматтық құқық және процесс кафедрасының ғылыми үйірмесі «Қазіргі заманда Қазақстан Республикасында азаматтық заңнаманы жүзеге асыруда өзекті мәселелері» атты жалпы кафедралық зерттеушілік тақырып аясында заң факультетінің студенттерінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарымен біріге жүзеге асырылады.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтык университетінің Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Асқарова Гульнара Мейрбекқызы авторлар ұжымы Scopus (Скопус) дәйексөздік деректер базасына және дәйексөз келтіру жүйесіне кіретін Journal of Advanced Research in Law and Economics рецензияланатын ғылыми басылымында "Legal Responsibility in the legislative System of Kazakhstan" тақырыбында мақала және CiteScore (СайтСкор) бойынша көрсеткіш жарияланды және ол 27-пайызды құрайды.

A.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтык университеті Заң факультетінің азаматтық құқық және процесс кафедрасы негізінде 2008 жылдан бастап «Қоғамдық Бірлестік Қоғамдық Бірлестік Тұтынушылыардың Құқықтарын Қорғау Қоғамы «Фемида+» тұтынушылар мен сатушылар (жұмыс, қызмет көрсетушілер) арасындағы қатынастарды реттейді, тұтынушылардың құқықтарын қорғайды.  

Қоғамдық Бірлестік Тұтынушылылардың Құқықтарын Қорғау Қоғамы «Фемида+» қызметінің негізгі мақсаты:
  • халыққа кеңес беру көмегін көрсету;
  • талап арыздарды, арыздарды және тағы да басқа құқықтық сипаттағы құжаттарды құрастыру;
  • соттарда, мемлекеттік және басқада ұйымдарда, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауда өкілдік етуді жүзеге асыру;
  • азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бекітуде заңдық көмек көрсету, тұтынушылардың құқықтарын сотта қорғау және сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және мемлекетпен кепілдендірілген азаматтардың соттық қорғалуға құқығын жүзеге асыруды реттеуде көмек көрсету болып табылады.

Кафедра оқытушылары кезең-кезеңмен кафедраның бағыттары бойынша кадрларды дайындау және қайта даярлау курстарын өткізеді, басқа ұйымдар қызметкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды,азаматтық заңнамаларды түсіндіреді.   

Тәрбие жұмысы.

Тәрбие жұмысы шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың сипаты студенттерді тиісті оқу қызметіне, пәнге ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты.

Тәрбие жұмысы бойынша азаматтық құқық және процесс кафедрасының жұмыс жоспары құрылды және бекітілді. Студенттермен тәрбие жұмысы мақсатында келесі іс-шаралар өткізіледі: студенттерге пәндер бойынша силлабустар алуға көмектесу, мерекелік іс-шараларға қатысу; семестраралық аттестацияға дайындық, сабаққа қатысу мен үлгерімін бақылау.

2019-2020 оқу жылы ішінде тәрбие жұмысы бойынша келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
  • мемлекеттік, ұлттық мерекелерге арналған салтанатты іс-шараларға қатысу;
  • университет өткізетін іс-шараларға қатысу;
  • ішкі семестрге дайындық, студенттермен әңгімелесу;
  • ата-аналармен байланыста болу, ата-аналарға аттестаттау қорытындыларымен хабарлама хаттар;